pic2

«Көрмеге 40-қа жуық домбыра қойылды»

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра - дастан» атты мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты –халқымыздың ұлттық аспабын жан-жақты насихаттап, домбыра ерекшелігін көпшілікке жеткізу. Даналарымыз бен дараларымызға серік болған, халқымыздың үнін ғасырлар бойы асқақтатып келе жатқан аспабымызды ұрпаққа үлгі ету. Домбыра көрмесіне өлкемізден шыққан елімізге танымал ұлт қайраткерлері Жәнібек Кәрменов, Келденбай Өлмесеков, Болат Сыбанов сынды тұлғалар мен өнер саласының майталмандарының және бүгінде айтыс сахнасында өнер көрсетіп жүрген танымалы айтыскер ақындардың домбыралары қойылған. Ән домбырасы, күй домбырасы секілді бірнеше түрге бөлінетінін және домбыра құрылысы туралы деректерді осы көрмеден байқауға болады. Сонымен бірге, қандай ағаш түрлерінен жасалатыны туралы да ақпараттар берілген. Көрменің ашылу құрметіне қаламыздың белгілі өнер қайраткерлері, әншілері мен күйшілері өнер көрсетіп, естеліктер айтты. Домбырамен сүйемелдеп, ән-күй орындаушылар Омаров Берік, Батыр Фархатов және №1 музыкалық мектеп оқушылары да шараға белсене қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Мемлекеттің келешегі бүгінгі ұрпақ екенін ескерсек, жас буынның ұлттық аспапты қадірлеуге, рухани құндылыққа терең бойлауына бұл шараның берері көп болды. Кеш барысында ақындар арнау айтып, халықпен біте қайнасып кеткен домбыра тарихын жырға қосты.

1n0qjZ6vrSw CL0kM8NudMc IW1RKhTIzAQ WhodabBviN0
^Наверх