pic2

Елбасы мақаласы талқыланды

2018 жылдың 23 қараша күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстөл өтті. Жиын барысында аталған мақаланың ұлттық сананы жаңғыртудағы маңызы жайлы айтылды. Басқосуда сөз алған музей директоры Қайрат Зекенұлы мақалада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылатын шаралардың жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда ерекше рөл ойнайтынын атап өтті. Дөңгелек үстөлге тарихшы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлы, тарихшы, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Исин Амантай Исаұлы, ақын, сазгер, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Нұрқасым Құсмілия Жырғалыұлы, Манаш Қозыбаев атындағы тарихи-ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Асылбеков Нұржан Қадырұлы қатысты.  Құрметті қонақтар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тереңнен бастау алатын тарихымызды зерттеп-зерделеуге, дүние жүзі елдері арасында кешенді түрде кеңінен насихаттауға жол көрсететін еңбек екенін тілге тиек етті. Залға жиналған жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің сұрақтарын қойып жан-жақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды.  

IMG_6429 IMG_6443 IMG_6445 IMG_6446 IMG_6455
^Наверх