pic2

Тарих

        Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2012 жылы «Жер-Су» клубы ұйымдастырылды. Клуб мүшелері – қала мектептері мен лицейлері оқушылары, өлкетанушылар, энтузиастар. Клуб төрағасы – Колбин Валерий Васильевич. Клуб жұмысының  басты тақырыбы – археология және өлкетану мәселелерін зерттеу. Клуб отырыстарында оқушылар археология саласының қыр-сырын үйренеді. Жастар  үшін ең маңыздысы – археологиялық қазба жұмыстарына қатысу. Клубтың бірінші қадамы ШҚО бойынша сауда керуендері жолдарын  зерттеуден басталды. Ол үшін  «Керуен» деген атпен  Халықаралық  тарихи-өлкетану экспедициясы құрылып, оның  бағдарламасы жасалды. Жаз, көктем кезінде Семей қаласынан Арқат тауларына дейінгі керуен жолын анықтау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде топографиялық картаға керуен жолдары түсірілді.

        Клуб мүшелері 2013 жылы ШҚО облысы Абай ауданы Көкентау тауларына, ШҚО Бесқарағай ауданы «Красный ключ» мекеніне, ал 2013 жылдың қыркүйек - қараша айларында Ертіс өзені бойына экспедицияға шықты. Ертіс өзені бойынан тау жыныстары мен минералдар жиналды. Нәтижесінде қала мектептерінде геологиялық көрмелер ашылды. 2013  жылғы наурыз айында «XVII – XX ғғ. Орта Азия  халықтарының сауда және саяси қарым-қатынасы. Ш. Уәлиханов және оның Қашқарға саяхаты» деген ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

       Сонымен қатар клуб мүшелері музей қорына қызықты бұйымдар жинауға көмектеседі. Мысалы, 2013 жылы клуб мүшелері облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Фотосурет тарихынан», «Жаңа жыл тарихынан» атты көрмелерге жәдігерлер жинастыруға ат салысты. 2014 жылдың қаңтарынан бастап  «Граммофон күйтаспалары тарихынан», «Семей қаласы көшелерінің тарихы» , «Семей қаласы кәсіпорындары тарихы»  атты көрмелердің ашылуына мәліметтер мен құжаттар жинастыруда.

       Бұлардан басқа «Семей көшелерін қыдырсақ» тарихи-өлкетану конференциясы (2013 ж., наурыз), Семей қаласы № 9,20,3,35,29,11,40 орта мектептерінде, № 8 балалар үйінде, «Жас Ұлан» ер балалар лицейінде тарихи-өлкетану тақырыптарына арналған дәрістер,   Шүлбі су қоймасы жағалауының су деңгейін зерттеу экспедициясы, Ертіс өзені жағалауына геологиялық экспедиция,  «Красный ключ» қайнарына геологиялық экспедиция, Водный, Шығыс, Озерки, Половинки, Қаштақ ауылдарына, қаланың оң жағалауында орналасқан фермерлік шаруашылықтарға этнографиялық экспедиция, Көкен тау массивіне геология-археологиялық экспедиция өткізілді.

Тарих Тарих Тарих
^Жоғары