pic2

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау ұйымдастырылды

2018 жылдың 29 қараша күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласын талқылау өтті.

Музей қызметкерлері мақаланың мазмұнымен және кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты. Әсіресе «Архив – 2025» жобасына қызығушылық танытты. Жоба аясында құолжетімділігін қамтамасых ету мақсатында әр түрлі бастапқы дереккөздер мен архив материалдарын жинақтап, одан кейін сандық үлгілерін жасау.

Мақалада «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады» деген.

Біз көптеген мәдениеттердің синтезінің нәтижесінде қалыптасқан елміз. Бұл біздің байлығымыз, оны сақтауымыз керек. Президент мақаласындағы негізгі осыған саяды.

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы. Кітап көрмесінде Қазақстан тарихы бойынша, Қазақ даласын әлімсақтан мекен Қазақ халқының сан ғасырдан бері келе жатқан мәдени мұрасы жайлы құнды мәліметтерді қамтыған және Қазақ халқының терең де күрделі тарихының бастауын зерделеуге мүмкіндік беретін этнография тақырыбына арналған бойынша бірқатар кітаптар ұсынылған.

1 2 3 4 5
^Жоғары