pic2

Тәмсіл сөздің тарланымен сыр-сұхбат

2019 жылдың қаңтар айының 9-ы күні сағат 11:00-де Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, «Тәмсіл сөздің тарланы» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен сыр-сұхбат кеші өтті. Шара форматы диалог түрінде ұйымдастырылды. Кеш барысында Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылығына қатысты сауалдар қойылды. Атап айтқанда, Аңқыма философиясы, сөзтаным, ақыл мен ес мәселелері жайлы сұрақтар қамтылды. Мұнымен қатар, көрермендер де сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды.

         Шара соңында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбаев, Тыныштықбек Әбдікәкімұлына музей ұжымы мен шараға қатысушы қауым атынан алғыс айтып, сыйлық табыстады.

         Сыр-сұхбат кешіне қаламыздың зиялы қауым өкілдері, оқу орындарының студенттері, мәдени мекемелер қызметкерлері, БАҚ өкілдері шақырылған.

IMG_7379 IMG_7390 IMG_7429 IMG_7420 IMG_7451 IMG_7487 IMG_7490
^Жоғары