pic2

Колледж оқушыларымен кездесу

2018 жылдың желтоқсан айының 10 күні Семей қаласының көлік колледжінде Кеңес одағының батыры, көлік жол техникумының түлегі Силин Николай Николаевичтің 96 жасқа толуына арналған кездесу кеші өтті. Шара барысында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің ерлік және еңбек даңқы бөлімінің меңгерушісі Ж.К. Игиликова сөз сөйледі. Ол Днепр үшін ұрыс туралы айтып берді. Бұл ұрыстың өткеніне 2018 жылы 75 жыл толды. Днепр үшін шайқасқа Семейде құрылған 8-ші атқыштар дивизиясы қатысқан. Осы дивизияның құрамындағы 310 атқыштар полкінің сапында Н.Н. Силин соғысты. Ж.К. Игиликова шараға қатысушыларға музей қорынан алынған Н.Н. Силиннің фотосуреттері мен ол жайлы материалдарды көрсетті. Колледж оқушылары Н.Н. Силиннің өмірбаяны жайлы айтып берді.

Сайтқа 1 Сайтқа 2 Сайтқа
^Жоғары