pic2

«Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел» атты көрме

2018 жылдың 5 желтоқсан  күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел» атты тақырыптық көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрменің ашылу салтанатына Абай аудандық қоғамдық Кеңесінің төрағасы Төлеубек Аманғазы және Қарауыл гимназиясының  7  сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшілері  Жанна Үйсінбаева және Мөлдір Кусманова. Көрменің ашылу салтанатында аудандық қоғамдық Кеңестің төрағасы Төлеубек Аманғазы мен музей қызметкері Бұлбұл Мәкенова сөз сөйлеп, көрменің мазмұны мен маңызына тоқталды. Тақырыптық көрмені ашудағы  мақсат жас ұрпақтың елбасы, ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев жайлы білімдерін толықтырып, ой-өрістерін кеңейту.

IMG-20171128-WA0035 IMG-20171128-WA0046 IMG-20171128-WA0050
^Жоғары