«Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыптық дәріс
2018 жылдың 1 желтоқсан айында «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» Аягөз аудандық филиалында Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыптық дәріс өтті.
Іс-шара мақсаты: ұлт көшбасшысы атанғанТұңғыш Президентіміздің есімін жас ұрпаққа дәріптеу және оқушыларды Елбасының өмір жолымен таныстыру.
Тақырыптық дәріс Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды, оқушыларға бейнематериалдаркөрсетілді. № 3 мектептің 8 сынып оқушысы Ержанқызы Еркежан патриоттық әндер орындады, Қадыртаева Аружан Елбасына арнау оқыды.Сонымен қатар музей қонақтары экспозициялық бөлімдермен танысты.



