pic2

Алтын тұғырлы Азаттық

2018 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 11.00 - де Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Алтын тұғырлы Азаттық» атты кеш өтті.

Қонақтардың қатысуымен Халық қаһарманы Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың ескерткішіне тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылып, желтоқсан құрбандарына Арнау арналды.

 Тәуелсіздік алғаннан бері ерліктің ұраны, елдіктің нышаны – Егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асулары жайлы айтылды. Кеш қонақтары қоғам қайраткері Аман Тілеубаев және Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Элмира Жүрсінбекқызы, Анар Жақыпова, Айжан Мұқышева, Бақыт Орақбаевтар 1986 жылғы желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері туралы естеліктерімен бөлісті.

Экран арқылы Қалдыбай Әбеновтың «Аллажар» фильмінен үзінді және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген  жетістіктері туралы слайд көрсетіледі.

Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі  Бақытжан Түктібаев мерекелік ән-шашуларын жолдады.

Халықтық «Ой-сана» жазба ақындар мектебінің шәкірттері Тәуелсіздік  тақырыбында жыр-шумақтарын арнады.

 Музей кітапханасы қорынан алынған кітаптардан «Тәуелсіздік шежіресі» және Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана –    Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздік тірегі» атты көрмені тамашалады.

Кеш қонақтары  Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, музей әріптестері,

студенттер мен оқушылар ұстаздарымен, БАҚ өкілдері.

IMG_6960 IMG_6968 IMG_6979 IMG_7004 IMG_7021
^Жоғары