pic2

Семей қаласы облыстың тарихи – өлкетану музейінің ғылыми кітапханасы

   Ғалымдар, өлкенушылар, жазушылар, тілшілер, оқытушылар, студенттер, оқушылар – бәрі де тарихи – өлкетану музейінің ғылыми кітапхасын жақсы біледі.

   Мұнда сақталған сирек кездесетін әдебиет пен басылымдарын музейдің жәдігерлері деуге болады. Кітапханада орыс, қазақ, араб тілінде жазылған кітаптар бар.

   Кітап қоры ХІХ ғасырдың соңынан бастап жинақталған. Қазіргі күні 35 мыңнан артық кітап сақталған. Сирек кездесетін кітаптар да бар. Мысалы, Брокгауз – Ефронның (1890 – 1904жж.) «Энциклопедиялық сөздігі», Березиннің «Энциклопедиялық сөздігі» (1873ж), Анненковтың «Ботаникалық сөздігі» (1878ж.). Орта Азия, Қытай ғалымдарының тарих, этнография, еңбектері кітапхананың құнды қоры болып табылады.

  1895 жылғы Семей статистика комитетінің есебі, орыс География қоғамы ,Батыс  - Сібір бөлімі, Семей бөлімшесінің жазулары, Семей Қарқаралы, Өскемен, Павлодар, Зайсан жерін пайдалану дерекетері, Ресей империясының толық заңнамасы (1830ж.), Император Николай І жарлығымен Ресей империясының заң жинағы (1892ж.), Элизе Реклюдің жалпы география бойынша кітаптары (1901ж.), «Азиялық Ресей атласы» (1914ж.), 1867 жылы жарық көрген Құран оқу туралы қолжазба.

  Кітапхана қорында «Қазақ тілі» (1921 – 1924жж.), «Киргизская степная газета» (1894 – 1901жж.), «Русский Туркистан» (1899ж, 1900ж, 1902ж.), «Отрарский край» (1924 – 1925жж.), «Тургайские областные ведомости» (1899ж.) газеттері сақталған. Семей өңірі басылымдары: «Семипалатинские областные ведомости» (1886ж.), «Екпінді» (1953 – 1955 жж.), «Прииртышская правда».

1950 – 1980жж. Семей облысы Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жаңа – Семей,  Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Нова – Шульба, Үржар, Шар, Шұбартау аудандарының газеттері сақталған.

 


КІТАПХАНАНЫҢ СИРЕК ҚОРЫ

(анықтама әдебиеттер, кітаптар, мерзімді басылымдар)

Ф. А. Брокгауз, И. А. Ефронь

С-Петербург. Типо-Литография

И. А. Ефрон, 1890. 480 б. (1, 33, 35, 38, 51, 54, 63, 64 томдар жоқ)

«Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық сөздігі» - Ресей империясында орыс тілінде басып шығарылған көпсалалы сөздік. Алғашқы 8 жартытомдығы И.Е. Андреевскийдің, қалғандары К.К. Арсеньев және Ф.Ф. Петрушевскийдің басшылығымен басып шығарылды. Қазіргі уақытта Брокгауз және Ефронның энциклопедиялық сөздігін көпшіліктің емін-еркін пайдалануына мүмкіндік бар, оның көптеген мақалалары өзінің ақпараттық, мәдени және тарихи маңыздылығын жоғалтқан жоқ.



Кіші Энциклопедиялық сөздік. 3-томдық, Т.1-3 Петербург. Брокгауз – Ефрона, 1901.

Әр түрлі бағыттағы көпсалалы анықтамалық басылым. Брокгауз және Ефронның сөздігі дүниежүзіне белгілі «Энциклопедиялық сөздіктің» ең маңызды әрі қызықты деген мақалаларынан құрастырылған. Сөздік пайдалы басылым болғанымен қатар, қызықты әрі деректі фильм. Басылым географиялық карталармен, кестелермен, суреттермен құрастырылған.

Орыс энциклопедиаясы. С. А. Адрианов, Э. Д. Грим, А. В. Клоссовский. 11-томдық. Петроград. Деятель, 1911.

(1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9 томдар бар)

«Орыс энциклопедиясының» құрамында сапасы жоғары көптеген портреттер, сызбалар, карталар бар. Бастапқыда энциклопедияны 20 томдық етіп басып шығару жоспарланған болатын, бірақ кейіннен энциклопедияны басып шығару жұмыстары 11 томның «М» әріпінде тоқтап қалды.



Анненков Н. Ботаникалық сөздік С-Петербург.

Императорлық ғылыми академияның баспаханасы, 1878. 670 б.


Сөздік өзінің құрамындағы мыңдаған өсімдіктердің латын әліпбиінде және басқа еуропалық тілдерде берілген атауларымен ерекшеленеді.

 

Ресейдің ауылшаруашылығы және оған қатысты ғылымдардың толық энциклопедиясы. С-Петербург. Деврен, басп. 1900.

(I. III. V. VI. IХ томдар бар)

Жаңа Энциклопедиялық сөздік. Арсеньев изд. К. К. Брокгауз – Ефрона. 1911 .

(2, 6, 7, 8 ,9, 10 томдары бар)

 

Көркем Ресей біздің тарихи, тайпалық, экономикалық және тұрмыстық мағынасындағы отанымыз бейнесі. 1-12 т. С-Петербург. «М.О. Вольф серіктестігі», 1896-1901.

«Көркем Ресей» - Ресейдің ХІХ ғасырдың соңындағы кезеңіне арналған, көлемі жағынан ең ауқымды энциклопедия болып табылады. «Көркем Ресейдің» толық басылымы 1901 жылы аяқталды, энциклопедия құрамында 12 том, 19 кітап, 6984 бет және 3815 сурет болды, оның ішінде 400 сурет көлемі жағынан үлкен болды.

Ғылыми халықтық энциклопедия. М. Типография «И. Д. Сытин», 1912.



Құдатғұ – Білік. Ұйғыр жазуынан факсимиле. Патша тапсырмасымен шығарылған. С.-Петербургтің Ғылымдар академиясы. В. В. Радлов. «Императорлық ғылымдар Академиясының типографиясы». 1890. 200 б.



Азиялық Ресейдің атласы. Ауылшаруашылық бас басқармасының көші-қон басқармасының басылымы. С-Петербург. «Маркстың Картографиялық бөлімшесі». 1914.



Азиялық Ресейдің атласы. Әр территорияның өзіндік тарихи, физикалық-географиялық, экономикалық ерекшеліктері бейнеленген, құрамында 70 – тен аса карта мен диаграмма бар. Ресейдің Азиялық территорияларының карталарынан басқа да губернияларымен облыстарындағы көшіп – қонушылардың жер иеліктерінің толық карталары көрсетілген. Әр карта бойынша түсініктемелік мәтін берілген. Атлас құрамында 9000 географиялық атауы бар нұсқаулықпен қамтылған.



В. В. Радлов. Моңғолия ежелгілерінің атласы. 2-4 шығарылымы. С-Петербор.1893-1899.



«Моңғолия ежелгілерінің атласы» түркітанушы В.В. Радловтың (1837-1918) ең маңызды еңбектерінің бірі болып табылады. Радлов Моңғолия жеріне атақты «Орхон» экспедициясын (1891) ұйымдастырушы әрі басшысы болды. Экспедицияның жұмыс барысында орхон-енисей Руникалық жазулары табылған болатын. Бұл кітаптардың мазмұны кейінгі экспедициялардан табылған құнды жәдігерлер болып табылады.

 



Ресей империясы заңдарының толық жинағы. 1649 жылдан. Т.1-45 С-Петербург. «Император канцеляриясының ІІ бөлімі» 1830

Заңдардың толық жинағы 1649 – 1825 жылдар аралығында басып шығарылды. (45 том).

(1, 2, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30, 34, 39 томдар бар)

Заңдардың толық жинағы 1830 – 1884 жылдар аралығында басып шығарылды. (55 том және нұсқаулықтар). (5, 6, 8, 9, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 24, 25, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 36, 38, 42, 43, 45, 48, 53 томдар бар)

Заңдардың толық жинағы 1881 – 1913 жылдар аралығында басып шығарылды. (33 том).



Паллас Петр Симон. Ресей мемлекетінің әр жерлеріне саяхат. Томанский Ф. 2б. 2к 1770 г. СПб. Басп. Императорлық Ғылымдар академиясы. 1786. 571 б.

Тұңғыш рет «Саяхат...» орыс тілінде 1773 – 1778 жж. Паллас басқарған экспедиция құрамына Н.П. Соколов, В.Ф.Зуев, Н.П.Рычков секілді Ресей ғалымдары кірген болатын. Орта, Төменгі Волга жағасы, Урал, Алтай, Батыс Сібір, Шығыс Сібірдің оңтүстігі зерттелді. Экспедиция зерттеу нәтижесінде үлкен жетістікке жетті. Дайындалған ғылыми жұмыстар, зерттеулер сол кездегі ғылымның дамуыне үлкен үлес қосты. Қазіргі уақыттың өзінде бұл зерттеулер өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ, себебі соңғы 200 жылдағы табиғи ландшафтың эволюциясын, Еуропалық, Азиялық Ресейдің флорасы мен фаунасын зерттеуде зор маңызға ие.



Ресей империясындағы тұңғыш бүкілхалықтық санақ, 1897ж. Н.А. Тройницкий. LXXXIV Семей облысы.Ішкі істер Министірлігінің Орталық стат. Комитеті. 1905ж. 147 б.

1897 жылғы халық санағы Патшалық Ресейде тұңғыш әрі соңғы рет өткізілді. Ресей тарихында тұңғыш рет өткізілген бүкілхалықтық санақтың маңыздылығы өте зор болды. Мамандардың айтуынша бұл халық санағы ХІХ ғасыр соңындағы Ресейдегі халық санын зерттеудегі жалғыз дерек көзі.



1902 ж. Семей облысының естелік кітапшасы. Шығарылым VI Семей. Обл.басқарма баспаханасы, 1901. 331 б.

«Естелік кітапшалар» Семей облысы 1989 ж., 1899 ж., 1902 ж. Облыстық статистикалық комитет басып шығарып отырды, өлкетануды, статистиканы зерттеудегі дерек көзі ретінде қарастыруға болады. Күнтізбелер, анықтамалық мәліметтермен қатар далалық өлкенің тарихы, қазақ халқының тарихына байланысты ақпараттар жазылды.



Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің хаттары. Семей. Электро-Типо-Лит, 1912. 263 б.

Б. Герасимовтың, В. Н. Белослюдовтың, Е. П. Михаэлистың, Г. Н. Потаниннің, А. Бөкейхановтың, М. Д. Сеитовтың шығармалары Ресей географиялық қоғамының, Батыс-Сібір бөлімінің, Семей бөлімшесінің хаттарына кірді.

Географиялық қоғамның Семей бөлімшесі губерния аумағанда, Жетісуде және Оңтүстік Сібір аймағында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Бөлімнің зерттеу объектісіне география, климотология, ауылшаруашылығына зиянын тигізушілер, ара шаруашылығы, сонымен қатар этнография, фольклор, археология, тарих (саяси жер аударылғандар – желтоқсаншылар, поляктар және т.б.) ғылымдары жатқызылды.



Семей облысын шолу, 1895 ж. Семей Обл.басқарма баспаханасы, 1897. 97 б.

1880, 1882, 1883,1886, 1887, 1888, 1889, 1890, 1892, 1894, 1895, 1896, 1898, 1899, 1900, 1901, 1902, 1904, 1905, 1906, 1909, 1910, 1914, 1927-28 жылдардағы Семей облысын шолып өту.

Мазмұны: облыстың табиғи, өндірістік ахуалы, халықтың экономикалық белсенділігі, сауда, салық пен жаза өтеу, халықтың денсаулығы, ауылшаруашылығы, халықтың білім алуы, халықты азық-түлікпен қамту сұрақтары кірді.

Қосымша: демография және экономикаға байланысты статистикалық кесте.



Далалық облыстарды зерттеу мақсатында құрылған экспедицияның қырғыздардың жерді пайдалануы жайлы жинақтаған мәліметтер. Семей облысы. Павлодар уезі ІҮ. Т. Воронеж, - Типо-Литография – 1903, (1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 11 томдар)

 

Мұнда экспедицияның қырғыздардың жерді пайдалануын және шарушылығын зерттеу жұмыстары жинақталған. Барлық мәліметтерді экспедиция меңгерушісі Ф. А. Щербин өзі жазған. Зерттеудің басты мақсаты жергілікті тұрғындардың күнделікті тұрмысында қажетті жер көлемін анықтау, ал артық жерді көшіп келушілерге беру мәселелері қарастырылды.



Шығыс Қазақстан тарихы 1 б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден ХІХ ғасырдың соңына дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептердің 8 сыныптарына арналған сынақ оқу құралы. Семей «Тенгри» 2013. 223 б.

«Шығыс Қазақстан тарихы 1 б. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден ХІХ ғасырдың соңына дейін» оқулығы ежелгі дәуірден ХІХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қарастырады. Құрал ежелгі дәуірден ХІХ ғасырдың соңына дейінгі Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдениет дамуының мәселелерін ашады.



Қырғыз өлкесін қоғамдық зерттеу туралы еңбектер. Баспа 3. - Орынбор. Керуен-сарай, 1922. – 215с.

Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері. Басп.ІІІ 1922 ж.

Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері (Қырғыз өлкесі). Жаратылыстану және география бөлімі. Алтыншы басылым. 2. т.V. 1924 ж.

Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері (Қырғыз өлкесі). Т. VI. 1925 ж.

 

Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері (Қырғыз өлкесі). Жаратылыстану және география бөлімі. Т. VII, І шығ. 1926 ж.

Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері (Қырғыз өлкесі).Тарих және этнография бөлімі. Т. VII, II шығ. 1926 ж.

Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектері (Қырғыз өлкесі). Жаратылыстану және география бөлімі. Т. VIII, Iшығ. 1927 ж.

1921 жылдан бастап Орынбор қаласында Қырғыз (Қазақ) өлкесін зерттеу орталығы жұмыс істеді. «Қазақстанды зерттеу қоғамының еңбектерінде (Қырғыз өлкесі)» қырғыз (қазақ) халқының ежелгі дәуірлердегі және орта ғасырлардағы тарихы, ұлттық ойындары, өлең-жырлары жазылды.

Г. Потанин «Қазақ – Қырғыз және Алтайдың аңыздары мен ертегілері» Петроград, 1917. 198 б.

 

 

 

Сібірдің қалалық қоныстарының экономикалық жағдайы. СПб., 1882. 422 б.

Сібірдің қалалық қоныстарының экономикалық жағдайына шолу, оның ішінде Семей қаласының жағдайы.


 

 

 

И.И. Крафт. Далалық облыстарды басқару жайлы ереже. 1898. 282 б.



 

 

 

А. Харузин. Бөкей ордасының қырғыздары. Антрополдық-этнологиялық очерк. 1 шығарылым. Москва. 1889. 550 б.

 

 

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ҚОРДАҒЫ МЕРЗІМДІК БАСЫЛЫМДАР

Газеттер: «Қазақ тілі» 1921-24жж,. «Киргизская степная газета» 1894 – 1901жж., «Русский Туркестан» 1899ж., 1900ж., 1902ж., «Ойратский край» 1924 – 1925жж., «Тургайские областные ведомости» 1899ж, «Семипалатинские ведомости» 1896ж, «Екпінді» 1953 – 1955жж.

Тарихи журналдар: «Исторический вестник» 1881г., «Сибирская летопись» 1916ж.

«Русская старина» журналының 1870 ж. Санкт-Петербургте М.И. Семевский негізін қалады. ХІХ – ХХ ғасырлардағы ең көп сұранысқа ие журналдардың бірі болды. Журналдың басты мақсаты патша І Петрден бастап Ресей жаңа кезеңіндегі тарихын жазу болды. Кейде журнал беттерінде Петрге дейінге кезеңге қатысты қызықты мәліметтер жарық көрді. Бұл басылым 1918 жылы жабылды. Журнал авторлары негізінен хаттарға, мемуарларға, күнделіктерге, авторлық өмірбаяндарға көп көңіл бөлген.

Әдеби-саяси журналдар: «Русский вестник» 1881ж. «Русское богатство» 1876 – 1918жж. «Русская мысль», «Русские записки» 1915ж., «Вестник Европы», «Мир божий» 1892 – 1906жж., «Современный мир» 1906 – 1918жж.

«Русская мысль»- - ғылыми, әдеби, саяси журнал. Журнал қызметкерлерінің құрамы алуан түрлі болды. Буржуазиялық жазушылармен қатар, ірі демократиялық жазушылардың Д.Н. Мамин-Сибиряк, В.Г. Короленко, М.Горький, А.П. Чеховтың т.б. шығармалары басып шығарылды.

«Русское богатство» - 90 жылдары журнал зиялылар арасында бедел ала бастады. Журналда В.Вересаев, Н.Гарин-Михайловский, М.Горький, В.Г.Короленко, А.И. Куприн және т.б. шығармалары басып шығарылды. Журнал халықаралық қатынастарды кеңінен талқыға салып, капиталистік қатынастардың зиянын дәлелдеуге тырысты. Революциялық марксизмнің жеңіске жетуі, 90 жылдардың басында «Русское богатство» журналының зиялылар арасында беделінің төмендеуіне алып келді.

«Вестник Европы» - Н.М.Карамзин негізін қалаған журнал Ресейде алғашқы әдеби-саяси басылымдардың бірі болды. Журнал 29 жыл бойы шығарылды. Ресейдің ішкі, сыртқы саясатымен қатар шетелдік мемлекеттердің тарихын, саясатын, әдебиетін, географиясын, статистикасын және т.б зерттеумен шұғылданды. Журнал Мәскеу қаласында айына екі рет шығарылды, сол кезеңде ең кең таралған журнал болды. Сонымен қоса Карамзиннің журналы мемлекет идеологиясынан тыс, жеке журнал болып қалыптасты.

«Мир божий» - ай сайын шығатын әдеби, саяси және ғылыми-танымдық журнал. 1898ж. сәуір айында. В.И Ленин А.А.Богдановтың «Экономика ғылымына қысқаша курс» атты кітабына пікір жариялады. 90 жылдар ортасында журнал «заңды марксизм» пікіріне қарсы күресті. Демократиялық зиялылар арасында мәртебеге ие болды. «Мир божий» басылуына тыйым салынғаннан кейін, журнал атауын өзгертіп 1906 – 1918 жылдар аралығанда «Современный мир» атымен шығарылды.
«Современный мир» журналында 1910 ж. «барлық әлеуметтік-демократтар» өздерінің шығармаларын басып шығаруына мүмкіндіктері болы. Журналда қоғамдық-саяси сұрақтарға көп назар аударылды. Орыс және шетелдік жазушылардың шығармалары шығарылды. Басылым Кеңес Одағы үкіметі жарлығымен 1918 жылы қаңтарда жұмысын тоқтатты.

Этнография журналы: Орыс географиялық қоғамының журналы. Редакторлары В.И. Ламанский, А.А. Шахматов, С.Ф. Ольденбург. 1891 – 1916 жылдар арасында С.Петербург қаласында жарық көрді. Журналда Ресей халықтарының этнографиясы, фольклоры жазылды.

Педагогикалық журналдар: «Білім беру», «Халық ағарту министірлігінің журналы», «Орта мектеп», «Средняя школа», «Педагогикалық парақша», «Халыққа білім беру», «Орыс мектебі».

 

«Русская школа» - жанұяға, мектепке арналған жалпы педагогикалық журнал. Оқу мекемесіне байланысты мемлекеттік жарлықтар, орыс мектептерінің тарихы жайлы очерктер. Мектептің санитарлық нормалары жайлы нұсқаулар. Журналдың басылуына көп еңбек сіңірген, көрнекті педагогтар, жазушылар И.Ф. Анненский, П.И. Вейнберг, И.И. Мечников, Н.К. Крупская және т.б. 1914 – 1917 жылдары журнал тұрақты түрде шығарылған жоқ. 1918ж. журнал әкімшілігі өз оқырмандарына жұмысын уақытша тоқтататыны жайлы ескертті.

^Жоғары