pic2

Басылымдар мен шығармалар

          «Жаңарған музей жаңа талаптар мен мүмкіндіктер кезеңінде» атты семинар- практикумнан кейін семинар барысында өткізілген сабақтар бойынша мәліметтер мен фотосуреттері бар кітапша басылып шықты.

Семинардың негізгі тақырыптары:

1. Музей экспозицияларында тарихи кезеңдерді көрсетудің қазіргі заманғы тұжырымдамалары.

2. Музейлердің қоғамдағы рөлі. Музей - мәдени коммуникация құралы.

3. Бүгінгі музей экспозицияларының жаңа міндеттері. Экспозициялар құрастырудың әдістері.

4. Көрермендермен жұмыс бағдарламасы (музей көрермендеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Музей жұмысының жаңа және дәстүрлі түрлері).

5. Музей жобасы. Жоба құрылысы. Мәдени оқиғалардың инновациялық миссиясы, әріптестермен қарым-қатынас, жоба менеджменті.

6. Жобаны алға жылжыту. Серіктестер іздеу.


«Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі»  фотооальбомы

Бұл басылымда Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихы туралы деректемелер беріледі. Семей өңірі тарихы, Семей жерінің ұлы қайраткерлері, сирек кездесетін кітаптар, кітапхананың ғылыми басылымдары сияқты ақпараттар соңғы 130 жылды қамтиды. Кітап Семей өңірінің мәдениеті мен тарихын білгісі келетін барлық оқырман қауымға арналады.

 

 

 

«Ядролық сынақты тоқтатудан ядролық қарудан азат әлемге» атты  халықаралық конференция  қорытындысы бойынша кітапша мен анықтама шығарылды.

 «Семей заман белестерінде»  фотоальбомы

Семей қаласының тарихы – қалалықтардың мақтанышы. Семей – Қазақстанның рухани, мәдени және тарихи орталығы. Қаланың ежелгі сәулеті, мәдени ғимараттары, әйгілі адамдары – бәрі Семейді ерекшелендіреді. Ең алдымен музейлері қызығушылық тудырады:  тарихи-өлкетану музейі, Абайдың әдеби-мемориалдық қорық мұражайы, Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы. Бұл музейлердің бәрінде  қайталанбас және мағынасы әлемдік мәдениет деңгейімен бағаланатын жәдігерлер жинақталған.

Осы альбомда жинақталған фотосуреттер  Семейдің облыстық  тарихи-өлкетану музейінің  алтын қорында сақталған. Музейдің 130-жылдық мерейтойына қарсы «Семей заман белестерінде» фотокөрмесі еліміздің Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды қалаларында көрсетілді. Аталмыш көрме фотоөнерінің білгірлері мен БАҚ беттерінде жоғары баға алды.

 

^Жоғары