pic2

«Алаш идеясы – Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында жылжымалы көрмемен Жарқын ауылында

2016 жылдың 21 сәуір күні Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Құсайынов М.С., Сердалина С.Б., Төлеубаева А.М. «Музеймен ауылға» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Алаш идеясы – Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында жылжымалы көрмемен Жарқын ауылында болып қайтты. Көрме Жарқын орта мектебінің жиын залында қойылды. Көрме барысында Алаш қайраткерлерінің ел еркіндігі жолында атқарған еңбектері туралы дәріс оқылды. Дәрісті тыңдауға Жарқын орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары мен ұстаздары жиналды. Барлығы тоқсаннан астам адам қатысты. Оқылған дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Оқушылар дәріс соңында сауалдар қойып өздері қызыққан ақпаратты сұрап білді.

^Жоғары